logo

«Галатасарай» «Антальяспорды» ойсырата жеңді (видео)

«Галатасарай» «Антальяспорды» ойсырата жеңді (видео)

Түркия Суперлигасының 16-турында «Галатасарай» қонақта «Антальяспормен» кездесті.

Кездесу 1:4 есебімен аяқталды.

«Арыстандар» сапынан Сане, Шаллаи, Осимхен және Икарди гол соқты. Алаң иелерінің жалғыз голын Ван де Стрек салды.

Осы жеңістің арқасында Ыстамбұл клубы 39 ұпай жинап, турнир кестесінің көшбасында өз орнын одан әрі нығайтты.