Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған байрақты бәсекеде ел намысын 14 балуан қорғайды. Ұлттық құрама тізімі төменде көрсетілген.
Ерлер:
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
90 келіге дейін: Барақ Арқабай
100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев
Әйелдер:
78 келіден жоғары: Назгүл Маратова
Айта кетейік, ұлттық құрама тізіміне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Grand Slam 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.