Талғардағы ҚФФ Академиясы: Скотт Манн құрылыс барысымен танысты

Талғардағы ҚФФ Академиясы: Скотт Манн құрылыс барысымен танысты

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн Алматы халықаралық әуежайының қолдауымен бой көтеріп жатқан жаңа академия құрылысының қазіргі жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

2026 жылғы 13-20 шілде аралығындағы есепке сәйкес, жалпы құрылыстың ілгерілеуі 40%-ды құрайды.

Құрылыс жұмыстары кешеннің барлық негізгі блоктары бойынша қарқынды түрде жүргізілуде:

1-блок (спорттық корпус): нысанда жабын тақтасын жабдықтау жұмыстары орындалуда.

2-блок (әкімшілік корпус): жабын тақтасының қаптауларын құрастыру және қоршауларды қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

3-блок (жатақхана): құрылысшылар 3-қабаттың қабырғалары мен бағандарын бетондауды жүзеге асыруда.

Еске сала кетейік, жоба құрамына жабық футбол залы, спорт кешені, медициналық және оңалту кабинеттері, сондай-ақ 150-ге жуық тәрбиеленуші мен персоналдың тұруына арналған төрт қабатты жатақхана кіреді.

Академияда 14 жастан 16 жасқа дейінгі футболшылар білім алып, жаттығады — олар Қазақстан жастар және ұлттық құрамаларының болашақ ойыншылары. KFF Academy құрылысы еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытудағы маңызды қадам болмақ.



Күн шежіресі