logo

Sport+ Qazaqstan телеарнасы Қазақстан футбол федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Sport+ Qazaqstan телеарнасы Қазақстан футбол федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бұл келісім Қазақстандағы футболды жүйелі түрде дамыту мен оны кеңінен насихаттау жолындағы маңызды қадамға айналды.

Соңғы жылдары ұлттық чемпионатқа деген қызығушылықтың артқаны, сондай-ақ жанкүйерлер арасында тұрақты футбол мәдениетінің қалыптасып келе жатқаны байқалады. Бұған ҚПЛ матчтарында стадион трибуналарының лық толуы дәлел бола алады.

Меморандумға қол қою медиа мен футбол құрылымының күш-жігерін біріктіріп, футболды, сонымен қатар салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Әріптестік сапалы әрі заманауи контент жасауға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл өз кезегінде ойыншылардың, жаттықтырушылардың және клубтардың танымалдылығын арттырып, аудиторияның тереңірек қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ынтымақтастық аясында арнада ҚФФ қамқорлығымен өткізілетін матчтар мен турнирлердің көрсетіліміне ерекше көңіл бөлінеді. Жарыстардың телевизиялық және цифрлық кеңістікте қамтылуының кеңеюі футболды еліміздің барлық өңіріндегі, оның ішінде шалғай аймақтардағы жанкүйерлер үшін де қолжетімді ете түседі.



Күн шежіресі