logo

Таеквондошы Евгений Васенкин жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Таеквондошы Евгений Васенкин жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалға шығу үшін ол филиппиндік Мэтт Лавестримен күш сынасты.

Евгений бұл кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетті. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтетін жартылай финалда ол Иордания спортшысы Ахмад Альрабабахпен кездеседі.



Күн шежіресі