Sport Plus Qazaqstan телеарнасы Асық Ату, Powerful Nomad және Алышу жарыстарын көрсетеді
Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарқын алуда. Жарыстың ресми хабар таратушысы болып табылатын Sport Plus Qazaqstan телеарнасы үшінші күні спорттың үш түрі бойынша алдын ала жарыстар мен финалдарды көрсетеді.
Сонымен 11 қыркүйекте арна эфирінде және сайтта Асық ату, Powerful Nomad және Алышудан жарыстарды көруге болады
Асық ату арнайы төсеніш бар тегіс алаңда өтеді. Шеңбердің ортасында асықтар (сүйектер) салынады, олар бойынша асық лақтырылады, мақсаты: оларды шеңбер аумағынан ойын алаңының екі жағынан белгіленген 6 м белгіден қағу. Шеңбердің ортасында ұзындығы 115 см сызық сызылады, оған 15 асық орнатылады.
Оған параллель, екі жағынан 15 см қашықтықта қосымша сызықтар жасалады. Бірінші 8 асықты құлатқан ойыншы осы кездесудің жеңімпазы атанады. Командалық ойында командалар құрамы 3 қатысушыдан, 1 қосалқы құрамнан тұрады.
Powerful nomad немесе мықтылар сайысы.
Жарыс 5 дисциплина бойынша өтеді:
— 100 килограмм тасты көтеру және 10 метрге ауыстыру;
— 100 килограмм қаппен отыру;
— 10 килограмдық найзаны оң немесе сол қолмен 10 метр қашықтықта тұрған нысанаға лақтыру;
— иығында 130 килограмм бөренемен отыру;
— 200 келі арбаны10 метрге сүйреу.
Алыш — белбеудегі ұлттық күрес (Қырғыз Республикасы). Балуандар көк және жасыл түсті, шалбар ақ, белбеу қызыл түсті арнайы киімдер киген. Күрес тек аяқта өтеді. Әр балуанның мақсаты - қарсыласын белбеуін босатпай арқамен жерге түсіруге тырысу.
Жарыс пен эфирдің басталуы сағат 10.00-де. Трансляциялар Sport Plus Qazaqstan телеарнасында да, sportplustv.kz сайтында да қолжетімді болады.