logo

Солтүстік дербиі. «Тобыл» - «Қызылжар» ойыны тіклей эфирде

Солтүстік дербиі. «Тобыл» - «Қызылжар» ойыны тіклей эфирде

Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында «Тобыл» «Қызылжарды» қабылдайды. Алайда, петропавлдықтар да чемпионаттың басын «Тобыл Аренада» өткізіп жатқанын ескерсек, қостанайлықтар өз алаңының артықшылығынан айырылады.

«Тобыл» «Қайраттан» жеңілгеннен кейін үйге оралып, жанкүйерлерінің алдында ақталуға ниетті. Ал «Қызылжар» Милич Чурчич тағайындалғаннан кейін чемпионатта қатарынан екі жеңіске жетті.

Бұл ойын серб маман үшін де өте маңызды болмақ. Себебі, Чурчич кезінде «Тобылды» табысты баптаған, алайда кейіннен өз орнын Нұрбол Жұмасқалиевке берген. Сонымен қатар, «Қызылжар» сапында қостанайлық жанкүйерлерге жақсы таныс бірнеше бұрынғы ойыншы бар – Сенин Себаи, Руслан Вәлиуллин және Самат Жарынбетов.

Костанайдағы матч 4 мамыр күні сағат 19:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және sportplus_qaz YouTube арнасынан көруге болады.



1 г. 4 м. 8 д. 15 ч. 5 м. 40.986 с.