logo

Серікжан Мужиков «Елімай» клубынан кетті

Серікжан Мужиков «Елімай» клубынан кетті

«Елімай» футбол клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Серікжан Мужиковпен келісімшартты бұзғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Серікжан маусым басында «Жетісу» клубынан ауысып, семейлік команда сапын толықтырған болатын. Осы маусымда ол ел чемпионаты аясында 12 матч өткізіп, 3 нәтижелі паспен көзге түсті.