Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұхан Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Super 4 Wrestling атты ірі халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

97 келіге дейінгі салмақта чемпиондық атаққа төрт спортшы таласады.

Ризабек Айтмұханның қарсыластары — атақты балуандар Алихан Кцоев (Ресей), Ахмед Батаев (Болгария) және Мераб Сулейманишвили (Грузия).

Турнир 13 ақпанда өтеді.



Күн шежіресі