Ресми: Серікжан Мұжықов – «Елімай» ойыншысы

Семейдің «Елімай» клубы 35 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықовпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Серікжан Мұжықов кәсіби мансабын Талдықорғанның «Жетісу» клубында бастаған. Кейін «Қайсар», «Астана» және «Тобыл» сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол «Жетісу» құрамында ойнап, команданың көшбасшыларының бірі болды.
Ол Қазақстан Премьер-лигасында 362 матч өткізіп, 42 гол соғып, 45 нәтижелі пас берген.
Мұжықов «Елімай» сапында алғашқы кездесуін өткізіп үлгерді. Ол Грузияның «Самтредия» клубына қарсы өткен жолдастық матчта (3:2) голмен көзге түсті.