Қайрат Нұрдәулетов: Мен футболда динамика болғанын қалаймын, «Манчестер Сити» немесе «Барселонаның» матчтары жалықтырып жібереді

Қазақстандық бапкер Қайрат Нұрдәулетов Sport+ телеарнасында Pluste Bol бағдарламасының құрметті қонағы атанып, өзіне ұнайтын футбол стилі туралы айтты.
«Өзім жаттықтырған командаларда мен вертикальды футбол ойнағанды қалаймын. Маған баяу футбол ұнай бермейді, мысалы, мен „Манчестер Сити“ немесе „Барселонаның“ матчтарын көрсем, жалығып кетемін. Мен динамика болып, жылдам футбол болғанын қалаймын. Сонымен қатар, қапталда өнер көрсететін футболшылар ойынға жиі араласу керек. Әр бапкердің өзінің футболға деген көзқарасы бар. Гвардиола мен Флик секілді пас ойнап, қауіпті сәтті ұзақ дайындап, қақпаның алдына жетпейінше соққы жасамайтын футбол көңілімнен шықпайды», — деді Қайрат Нұрдәулетов.
Pluste Bol бағдарламасының толық шығарылымын Sport+ YouTube-арнасынан көруге болады.