Ресми: Георгий Никабадзе – «Атырау» ойыншысы

«Атырау» клубы 34 жастағы грузиялық шабуылшы Георгий Никабадземен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Никабадзе бұған дейін «Навбахор», «Гурия», «Самгурали», «Гуджа Юнайтед», «Телави», «Динамо Батуми» және «Нефтчи» клубтарында ойнаған.
Айта кетейік, 2021 жылы шабуылшы Грузияның Жоғарғы лигасында чемпион атанып, үздік сұрмерген болған.