Ренат Абдулин «Тұранның» бапкерлік штабына оралды

Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Ренат Абдулин Түркістанның «Тұран» клубында Виталий Жуковскийдің бапкерлік штабына қосылды, деп хабарлайды Sport+.
Айта кетейік, Абдулин 2023 жылғы маусымда «Тұранның» бапкерлік штабында жұмыс істеген болатын, кейін біраз уақыт жұмыссыз жүрді.
Қазақстан Премьер лигасында Ренат Абдулин алғаш рет 1999 жылдың 21 шілдесінде «Жетісуға» қарсы ойында (1:0) «Қайрат»-ЦСКА құрамында дебют жасады. «Қайрат» сапында 143 матч өткізіп, 4 гол соқты. Сондай-ақ «Локомотив» (24 матч, 1 гол), «Тобыл» (10 матч), «Шығыс» (67 матч, 3 гол), «Қайсар» (25 матч), «Атырау» (48 матч, 2 гол), «Ордабасы» (53 матч) және «Оқжетпес» (23 матч, 1 гол) клубтарында ойнады.
2019 жылғы маусымның соңында кәсіби мансабын аяқтады. Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 393 матч өткізіп, 11 гол соқты.
Қазақстан ұлттық құрамасында 30 матчта алаңға шығып, 2 голдың авторы атанды.