logo

«Реал Сосьедад» — Испания Кубогының иегері (видео)

«Реал Сосьедад» — Испания Кубогының иегері (видео)

«Реал Сосьедад» Испания Кубогын жеңіп алды. Финалда олар «Атлетико Мадрид» командасын тізе бүктірді.

Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Баск клубы сапынан Андер Барренечеа және Микель Оярсабаль гол соқты. Ал «Атлетико» құрамында Адемола Лукман мен Хулиан Альварес мергендік танытты.

Пенальти сериясында «Реал Сосьедад» ойыншылары дәлірек болып, 4:3 есебімен жеңіске жетті.