logo

Қуат Хамитов «Қарбыз» кейпінде «Егіз Лебіз» хитін орындады

Қуат Хамитов «Қарбыз» кейпінде «Егіз Лебіз» хитін орындады

Белгілі қазақстандық ММА спортшысы Қуат «Найман» Хамитов әлемге әйгілі «Маска» шоуының қазақстандық нұсқасына қатысты, деп хабарлайды Sport+.

Қуат Хамитов «Қарбыз» бейнесінде Арнау тобының танымал хиті «Егіз Лебізді» орындады.

«Маска» шоуы — Оңтүстік Кореяның Masked Singer тележобасының бейімделген нұсқасы. Шоу барысында танымал музыканттар, актерлер, блогерлер, спортшылар және қоғам қайраткерлері түрлі маска мен костюм киіп, қазылар алқасының алдында музыкалық нөмірлер орындайды. Қазылардың басты міндеті — масканың астында жасырылған адамның кім екенін табу.