Қазақстандықтар FIP рейтингіндегі орындарын жақсартуды жалғастыруда

Қазақстандықтар FIP рейтингіндегі орындарын жақсартуды жалғастыруда

Халықаралық падел федерациясы (FIP) ойыншылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Жәнібек Үмбетов әлемдік рейтингте 458-орынға көтеріліп, Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін нығайтты. Родион Пак 15 сатыға жоғарылап, 492-орынға жайғасты. Евгений Данилов 564-орнын сақтап қалды. Алдияр Мұздыбаев пен Жақас Қозбақ сәйкесінше 625 және 711-орындарды иеленді.

18 жасқа дейінгі ойыншыларға арналған FIP Promises Азия рейтингінде бірден екі қазақстандық ТОП-10 қатарына енді.

Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин рейтингтің 10-орнына тұрақтады. Бұл — қазақстандық жасөспірімдер арасындағы падел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ Қазақстан өкілдері Санжар Джуасов пен Тимур Ахметов 26-орынға көтерілді.