logo

Қазақстандық теннисшілер үйдегі жарысты сәтті жалғастыруда

Қазақстандық теннисшілер үйдегі жарысты сәтті жалғастыруда

Астанада ITF World Tennis Tour M15/W15 сериясындағы турнирлер аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sport+. 

Әйелдер жұптық сынында қазақстандық дуэт Асылжан Арыстанбекова / Іңкәр Дүйсебай ширек финалда Улдазислава Зверева мен Зози Кардаваны 7:6 (7:4), 6:0 есебімен айқын жеңді. Жартылай финалда олар Аглая Фёдорова / Дарья Хомутянскаямен кездеседі. Сандуғаш Кенжибаева мен Алиса Кюммель 1/4 финалда тартысты ойында Аружан Нуранбай мен Сатима Торегенді 6:1, 7:5 есебімен ұтты. Олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Ерлер жұптық сынында Амир Омарханов түрік спортшысы Мерт Алқаймен бірге қарсыластары ойынға келмегендіктен жартылай финалға жолдама алды. Келесі кезеңдегі қарсыластары кейін анықталады. Сондай-ақ Григорий Ломакин мен Александр Лобанов та жартылай финалға өтті. Олар ширек финалда Ілияс Маратұлы мен Таир Сармановты 6:1, 7:5 есебімен жеңді.



Күн шежіресі