Қазақстандық файтер RIZIN-дегі дебютінде жапон қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Казахстандық ММА жауынгері Нұрхан Жұмағазы жапондық RIZIN промоушенінде дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport+.
«Alash Pride FC» ұйымының бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы Кобе қаласында өткен Rizin Landmark 12 турнирінде жапон спортшысы Тацуя Сайканы мерзімінен бұрын жеңді.
Бұл жеңіс Нурхан Жұмағазының кәсіби мансабындағы оныншы жеңісі болып тіркелді. Оның еншісінде енді 10 жеңіс және 1 жеңіліс бар.