logo

Қазақстандық дзюдошылардың Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды

Қазақстандық дзюдошылардың Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтетін Азия чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеребенің нәтижесінде қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Ерлер

60 келіге дейін: Шерзод Давлатов — Чи Инь Лэй (Макао), Аман Бақытжан — Омран Аджена (Сирия) 

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев — Чонг-Ю Лин (Тайбэй)

73 келіге дейін: Есет Қуанов — Гаохуэй Лин (Қытай) 

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар — Чжэньюй Ши (Қытай), Әділет Алмат — Чынгызхан Сагыналиев (Қырғызстан)

90 келіге дейін: Айдар Арапов — Вэй Пуян (Таиланд)

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан — Чие-Энь Цай (Тайпей), Марат Байқамұров — Даут Полтушев (Қырғызстан)

Әйелдер

48 келіге дейін: Диана Бүркеева — Анудари Жамсран (Моңғолия)

57 келіге дейін: Дана Әбдірова — Бегай Бейшенаалыкызы (Қырғызстан), Бақыт Құсақбаева — Мина Комияма (Жапония)

63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева — Джису Ким (Оңтүстік Корея), Эсмигүл Куюлова — Адина Кочконбаева (Қырғызстан) мен Еджи Ким (Оңтүстік Корея) арасындағы белдесудің жеңімпазы

70 келіге дейін: Ажар Асхат — Лхагвадулам Саранцэцэг (Моңғолия)

78 келіге дейін: Аруна Жангельдина — Хуслен Отгонбаяр (Моңғолия)

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова — Лин Фан Чанг (Тайпей), Ақерке Рамазанова — Виктория Киселева (Тәжікстан)

Айта кетейік, құрлық біріншілігі 16 сәуірде басталады.



Күн шежіресі