logo

Қазақстандық боксшылар WBA Asia белбеулері үшін жұдырықтасады

Қазақстандық боксшылар WBA Asia белбеулері үшін жұдырықтасады

20 желтоқсанда Алматы қаласында RD Promotion лигасының қолдауымен үлкен бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Турнирдің екі басты жекпе-жегінде WBA Asia белбеулері сарапқа салынады. Негізгі жекпе-жекте қазақстандық Нигметолла осы белбеуді қорғайды, ал ко-негізгі кездесуде Арманұлы бос тұрған белбеу үшін жұдырықтасады.

Жалпы турнир аясында Қазақстан, Филиппин, Тәжікстан, Түркия, Үндістан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан боксшыларының қатысуымен он екі жекпе-жек өтеді.

Бокс кешінің тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан тамашалауға болады.

Қазақстандық боксшылар WBA Asia белбеулері үшін жұдырықтасады



Күн шежіресі