logo

Қазақстандық балуан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Шұғыла финалда Түркия елінің өкілі Туба Демирмен алтын жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде қазақстандық балуан 12:8 есебімен басым түсті.



Күн шежіресі