logo

Қазақстан WU-16 құрамасының Халықаралық даму турниріне қатысатын құрамы анықталды

Қазақстан WU-16 құрамасының Халықаралық даму турниріне қатысатын құрамы анықталды

16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Талғар қаласында өтетін Халықаралық даму турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирге Қазақстаннан бөлек Эстония, Израиль және Өзбекстан қыздар құрамалары қатысады. Матчтар 3, 5 және 8 мамыр күндері Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтеді. 

Юлия Мамонова бастаған 16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Алматыда 25 сәуірде оқу-жаттығу жиынын бастайды. 

Қақпашылар: Ақнұр Жақсыкелді, Екатерина Алещенко (екеуі де — «Қайрат»), Айша Шәріп («Астана»);

Қорғаушылар: Кәусар Алпысбай, Динара Дүрмекбаева, Елизавета Остертак, София Яшкова (бәрі — «Қайрат»), Сабина Айтчанова, Валерия Косарева («Ертіс»), Айнель Сманова («Астана»), Анастасия Шерстнёва («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Айнұр Әнуарбек, Нұрай Болатова («Жетісу»), Саида Дүйсембаева («Шахтер»), Оксана Никитченко («Қайрат»), Алина Сартаева («Тобыл»), Даяна Түлебаева («Ақтөбе»), Жібек Марат («Зенит-Аланья», Түркия);

Шабуылшылар: Айжан Есіркепова («Ақтөбе»), Зарэма Мақсот, Софья Рыбак («Астана»), Милена Николенко, София Ягудина (екеуі де — «Қайрат»), Тахмина Ташбоева («Тараз»), Балжан Төлеміс («Жетісу»);

Жаттықтырушылар штабы: Юлия Мамонова — аға бапкер, Сюзанна Корнецова — аға бапкердің көмекшісі, Екатерина Красюкова — дене даярлығы бапкері, Ирина Саратовцева — қақпашылар бапкері, Айдана Рамазанова — дәрігер, Ләйла Есімжанова — массажист, Ренат Шайхесламов — бейнеоператор, Серік Жугралин — менеджер.



Күн шежіресі