Қазақстан құрамасының Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға шақырылған футболшылардың қорытынды тізімі жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазан айында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын матчтарға шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады.
Қақпашылар:
Станислав Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар:
Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де — «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі де — «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жағоров («Тобыл»), Сағи Совет («Жеңіс»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар:
Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де — «Жеңіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі де — «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);
Шабуылшылар:
Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де — «Елімай»).
Бапкерлер штабы:
Талғат Байсуфинов — ұлттық құраманың бас бапкерінің м. а.,
Иван Азовский — бас бапкердің көмекшісі,
Марат Еслямов — көмекші бапкер,
Али Алиев — көмекші бапкер,
Елдос Ахметов — көмекші бапкер,
Олег Воскобойников — қақпашылар жаттықтырушысы,
Максим Зуев — физикалық дайындық жаттықтырушысы,
Моғамед Нозадзе — аналитик жаттықтырушы,
Нұрлан Біттуғұлов — дәрігер,
Алексей Михайлов — физиотерапевт,
Евгений Карнаухов — массажшы,
Алексей Гудзев — массажшы,
Ақмұрат Ақшабаев — массажшы,
Полина Силинская — нутрициолог,
Руслан Балтиев — Ұлттық құрамалар департаментінің директоры,
Қуаныш Мұханбет — менеджер,
Максим Шауберт — кит-менеджер,
Елдар Ермеков — бейнеоператор.
Еске салайық, қазан айында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізеді:
— 10 қазанда Лихтенштейн құрамасына қарсы өз алаңымыздағы матч;
— 13 қазанда Солтүстік Македониямен сырт алаңдағы матч.
Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Лихтенштейнге қарсы өз алаңымыздағы кездесу «Астана Арена» стадионында, қазақстандық уақыт бойынша сағат 19:00–де басталады.