Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ташкентте өткен турнирде жеті медаль жеңіп алды

Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге ие болды.
Бірінші орынды Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптар, 19 жасқа дейін), сондай-ақ Аделя Алжанова (11 жасқа дейін) жеңіп алды.
Күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) иеленді.
Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.