Қазақстан құрамасы үстел теннисінен әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Лондонда ерлер мен әйелдер арасындағы командалық үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстанның ерлер құрамасы Түркия командасын 3:1 есебімен жеңді. Кирилл Герасименко Абдулла Йигенлерді сеттер бойынша 3:0 есебімен ұтты, Алан Курманғалиев Гөркем Окалдан 1:3 есебімен жеңілді, Айдос Кенжеғұлов Ибрагим Гүндүзден 3:1 есебімен басым түсті, ал шешуші ұпайды тағы да Кирилл Герасименко әкеліп, Окалды 3:0 есебімен жеңді.
Қазақстандық қыздар өз кезегінде Бразилия құрамасына 1:3 есебімен жол берді. Қазақстан құрамасына жалғыз жеңісті Зауреш Акашева сыйлап, Джулия Такахашиді 3:2 есебімен ұтты. Сарвиноз Миркадирова Бруна Такахашиден, Жанерке Қошқұмбаева Лаура Ватанабеден жеңілді, ал кейін Зауреш те Бруна Такахашиге жол берді.