logo

Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты: Қазақстанның алғашқы қарсыластары белгілі болды

Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты: Қазақстанның алғашқы қарсыластары белгілі болды

Бүгін, 28 сәуірде, Лондон қаласында (Ұлыбритания) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары топтық кезеңдегі алғашқы кездесулерін өткізеді.

Ерлер

Қазақстан — Түркия
Матч Астана уақытымен 23:30–да басталады.

Әйелдер 

Қазақстан — Бразилия
Кездесудің басталуы: 23:30

Айта кетейік, ұлттық құраманың сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Мария Лукьянова бар.



Күн шежіресі