Қазақстан кубогы U12: жартылай финалдық кездесулер өтеді

Қазақстан кубогы U12: жартылай финалдық кездесулер өтеді

Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасында командалық Қазақстан кубогыжалғасуда. Турнирдің оныншы мерейтойлық додасына еліміздің 16 өңірінің құрамалары қатысып жатыр. Жарыстар «Beeline Arena» Ұлттық теннис орталығының ашық корттарында өтуде.

20 тамызда турнирдің плей-офф кезеңінің матчтары өтті. Ұлдар арасында Астана-1Ақмола облысының құрамасын 3:0 есебімен сенімді жеңсе, Астана-2 дәл осындай есеппен Қарағанды облысынан басым түсті. Алматының бірінші командасы Алматы-2 командасын 2:1 есебімен жеңді, ал Ақтөбе облысының құрамасы Қызылорда облысын 2:1 есебімен ұтты.

Қыздар арасындағы жарыста жүлделі орындар үшін күресті Астана-1, Алматы-1, Астана-2 және Жамбыл облысыжалғастырады. Елордалық командалар плей-офф матчтарында 3:0 есебімен жеңіске жетті: Астана-1 Алматы-2 командасынан, ал Астана-2 Ақтөбе облысынан басым түсті. Алматы-1 де Атырау облысын 3:0 есебімен жеңсе, Жамбыл облысының командасы Қарағанды облысын 2:1 есебімен ұтты.

21 тамызда жартылай финалдық кездесулер өтеді. Ұлдар арасында финал жолдамасы үшін Астана-2 мен Алматы-1,сондай-ақ Астана-1 мен Ақтөбе облысысынға түседі. Қыздар арасында Астана-1 — Алматы-1 және Жамбыл облысы — Астана-2 кездесулері өтеді. Алғашқы матчтар сағат 09:00-де басталады.

Әр өңірлік құраманың сапына үш ұл, үш қыз және екі капитан кіреді. 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Қазақстан кубогының оныншы мерейтойлық додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері турнирдің шешуші матчтарының қорытындысы бойынша анықталады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі