Қазақ футболшысы «Челсиге» ауысуға жақын

Алматылық «Қайрат» футбол клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челси» командасына ауысуға жақын, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Англиядағы үздік командалардың бірі талантты футболшыға қатысты нақты шешім қабылдады. Енді алматылық және лондондық клуб арасында трансферге қатысты іс-шаралар басталады.
Дастан Сәтпаевтың жаңа клубқа ауысуы алдағы аптада болады деп жоспарланып отыр. Қазақстандық аяқдопшының жасы 18 жасқа толмауына байланысты қос тарап арасындағы келіссөздің қалай жүргізілетіні әзірге белгісіз.
Айта кетсек, Дастан желтоқсан айында лондондық клубта қаралымнан өткен болатын.