Қайрат Ахметов: Сехудоны ММА мен еркін күрестің аңызы деп есептеймін

Қайрат Ахметов UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Генри Сехудомен өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Кездесу 27 мамыр күні Астанада өтетін «Alash Pride» турнирінде өтеді, деп хабарлайды Sport+.
«Мен ешқашан қарсылас таңдаған емеспін. Басында маған Сехудомен болады деді, кейін қарсыластар ауысып, Стерлинг деп айтты. Ал бүгін нақты Генримен болатыны белгілі болғанда, қуандым. Өйткені мен оны спорт түріміздің, еркін күрестің аңызы деп есептеймін. Онымен бірге октагонды бөлісу — мен үшін үлкен мәртебе. Кім мықты екенін бірге көреміз. Генриге бұл кездесуге келіскені үшін алғыс айтамын».
Жекпе-жек пен бүкіл турнирді Sport+ арнасы тікелей эфирде көрсетеді.