logo

Португалия чемпионатында чемпион соңғы турда анықталады (видео)

Португалия чемпионатында чемпион соңғы турда анықталады (видео)

Португалия чемпионатындағы шиеленіс әлі де сақталып тұр: 10 мамырда Примейра-лиганың 33-турында «Бенфика» мен «Спортинг» 1:1 есебімен тең ойнап, чемпион тағдыры соңғы турға дейін ашық қалды, деп хабарлайды Sport+.

Кездесудің 4-минутында-ақ Франсишку Тринкан Виктор Дьекерештің пасынан кейін «Спортингті» алға шығарды. Алайда екінші таймда Керем Актюркоглу Вангелис Павлидистің пасын голға айналдырып, 63-минутта есепті теңестірді.

Осы матчтан кейін қос команда да турнир кестесінде 79 ұпай жинап отыр. Ұпай тең болған жағдайда «Спортингтің» артықшылығы бар, себебі олар бірінші айналымдағы өзара ойында 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Осылайша, Португалия чемпионатында чемпион кім болатыны соңғы турда белгілі болады.