«Ордабасы» Қазақстан жастар құрамасының үш футболшысымен келісімшартқа отырғанын хабарлады

Әли Тұрғанов, Біржан Тоқтыбай және Мағжан Тоқтыбай — «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары атанды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда бұл үш футболшы да Бірінші лигада «Онтүстік Академиясы» сапында өнер көрсетіп жүр.
Бірінші лига аясында Али 9 матчқа қатысты. Мағжан 10 кездесуде гол+пас көрсеткіші бойынша 10 ұпай жинады (6 гол, 4 пас). Ал Біржан сол 10 ойында 6 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Сонымен қатар, Әли Турғанов пен Мағжан Тоқтыбай Қазақстанның жастар құрамасына шақырту алып жүр. Маусым соңына дейін футболшылар «Онтүстік Академиясының» құрамында қалып, тәжірибе жинауды жалғастырады.