«Астана» турдың орталық матчында «Ақтөбеден» басым түсті (видео)

«Астана» Қазақстан чемпионатының 13-турының орталық матчында қонақта «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Жалғыз гол матчтың соңында соғылды, «Ақтөбе» қорғаушысы Неманья Анжелкович өз айып алаңында Марин Томасовқа қарсы ереже бұзды. Пенальтиді Назми Грипши сәтті орындады.
Параллель өткен матчта «Қайсар» өз алаңында «Ұлытаумен» тең ойнады. Жезқазғандық команда сапынан Жасұлан Молдақараев, ал қызылордалықтардан Нұрдәулет Ағзамбаев гол соқты.