Nomad Arena-да маусымның ашылуы: Отан қорғаушылар күніне арналған бәйгенің тікелей эфирі
Жаңа NOMAD ARENA бәйге маусымын жарқын спорттық шарамен ашуға дайын.
Алғашқы жарыстар 7 мамыр — Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні өтеді.
Еліміздің үздік шабандоздары мен жүйрік тұлпарлары бағалы жүлделер үшін сынға түседі. Бас жүлдеге жаңа Kia K5 автокөлігі тігілген. Сонымен қатар жеңімпаздарды Jetour, Chevrolet автокөліктері және ақшалай сыйлықтар күтеді.
Жарыстың басталуы — сағат 18:00–де.
Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көре аласыздар.