Павлодардағы бәйге. 22 миллион теңгелік тартыс. Қазақстан чемпионатының 6-турын тікелей эфирі

9 тамыз күні Павлодарда OLIMPBET Қазақстан чемпионатының 6-шы туры өтеді.
«Құлагер» ипподромында үздік шабандоздар Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге және Ұшқыр жарыстарында бақ сынайды.
Алтыншы іріктеу кезеңінің жалпы жүлде қоры – 22 миллион 700 мың теңге!
Турдың тікелей көрсетілімі Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube арнасындағы sportplus_qaz парақшасында қолжетімді болады.