NAIZA Қытайда үш чемпиондық жекпе-жек өткізеді

NAIZA Қытайда үш чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық NAIZA лигасы 8 тамызда Қытайда үлкен турнир өткізеді. Аталған дода аясында үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport+.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық айқаста Қытайдан шыққан этникалық қазақ Балғын Жеңісұлы мен келесі салмақ дәрежесіне көтеріліп жатқан, жеңіл салмақтағы белбеу иегері Валерий Гусаров кездеседі.

Орта салмақта Али Бадрудинов чемпиондық атағын алғашқы рет қорғайды. Ол принципті реванш аясында Муслим Абдулхалимовпен жұдырықтасады.

Жартылай орта салмақтағы жаңа чемпион Тамирлан Саралапов пен Дулат Кенесбеков арасындағы жекпе-жекте анықталады. Бұл айқаста бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынады.



Күн шежіресі