Моуриньоны шеттету қандай әсерін тигізеді? «Фенербахче» — «Трабзонспор» матчы тікелей эфирде

6 сәуір күні Түркия Суперлигасының 30-туры аясында «Фенербахче» өз алаңында «Трабзонспорды» қабылдайды, деп хабарлайды Sport+.
Стамбұлдық команда чемпионат көшбасшысы — «Галатасарайды» қуып жетуге тырысып жатыр. Қазіргі таңда олар турнирлік кестеде алты ұпайға артта қалып тұр, бірақ бір ойыны кем. «Фенербахче» соңғы үш үйдегі матчта жеңіске жете алмай келеді: олар «Рейнджерс» (1:3) пен «Галатасарайға» (1:2) жеңіліп, «Самсунспормен» (0:0) тең түсті.
Команда ішіндегі шиеленісті Жозе Моуриньоның үш ойынға шеттетілуі күшейте түсті. Португалиялық бапкер кубоктық матчтан кейін «Галатасарай» жаттықтырушысының мұрнынан ұстағаны үшін жазаланды.
Қонақтар бұл кездесуге жоғары көңіл-күймен келмек. «Трабзонспор» соңғы үш ойында жеңілмей, Түркия кубогының жартылай финалына жолдама алды. Енді олар бұл кезеңде «Гезтепемен» кездеседі.
Айта кетейік, маусымның бірінші жартысында «Фенербахче» сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Ойынды тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан көруге болады. Көрсетілім Астана уақытымен 20:50–де басталады.