Атақты Фалькаоның ұлы Көкшетауда доп тебеді

Энцо Мендес көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Бұл туралы клуб өз әлеуметтік желілерінде хабарлады.
Энцоның жасы 22-де. Бұған дейін Бразилияда және Португалияның Премьер-лигасында ойнаған.
Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын «Елімай» құрамында өткізген, бірақ клуб оны Қазақстан чемпионатына тіркемеді.
Энцо — футзалдан төрт мәрте әлемнің үздік ойыншысы және екі дүркін әлем чемпионы Алесандро Роза Виейраның, көпшілікке Фалькао есімімен танымал спортшының ұлы.
Бразилиялық футболшы бүгін «Тобылға» қарсы ойында Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасауы мүмкін. Бұл матчты тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.