Маусымның алғашқы классикалық бәйгеcі. Балаларды қорғау күніне арналған Қазақстан Гиней бәйгесінің трансляциясы
Алматыда классикалық ат жарыстарының үлкен маусымы басталады. Алғашқы Қазақстан Гиней бәйгесі 31 мамыр күні өтеді.
Еліміздің ең үздік тұлпарлары Балаларды қорғау күніне арналған 7 бәйгеде бақ сынайды.
Жүлде қоры — 20 миллион теңге.
Басталу уақыты — 13:00.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.