Лоренцо Инсинье Зайнутдиновтың командаласы атануы мүмкін

Лоренцо Инсинье Зайнутдиновтың командаласы атануы мүмкін

Инсайдер Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, «Бешикташ» 33 жастағы Лоренцо Инсиньені трансферлеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.

2022 жылдан бері «Торонто» сапында ойнап жүрген бұрынғы «Наполи» капитаны Серия А-ға оралуды қалайды. Алайда ол мансабын жалғастыру үшін «Бешикташты» да қарастыруда, себебі бұл клубта оның ескі досы Чиро Иммобиле ойнайды.

Түркиядағы трансферлік терезе 11 ақпанда жабылады. Инсинье алдымен Серия А-дағы (3 ақпан) трансферлік дедлайнды күтіп, содан кейін «Бешикташтың» ұсынысын қарастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ оған «Трабзонспор» да қызығушылық танытуда.

Естеріңізге сала кетейік, Sport+ телеарнасы Түркия Суперлигасының Қазақстан аумағындағы ресми трансляторы болып табылады.



Күн шежіресі