logo

Ломакин Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Ломакин Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин тайлық спортшы Вишайя Тронгчароенчайкулмен жұп болып Қытайда өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық-тай жұбы 1/8 финалда жергілікті спортшылар Динжен Нима мен Женгу Сунды 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Ширек финалда да олар тағы бір қытайлық жұп — Ксируй Хань мен Вейтао Сюйді екі сетте 6:2, 6:4 есебімен ұтты.