Елена Рыбакина жаңартылған WTA рейтингінде бір саты төмен түсті

Штутгарттағы турнир аяқталғаннан кейін Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) чемпиондық жарыс рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
3905 ұпаймен жарыс көшбасшысы болып Беларусь өкілі Арина Соболенко қалды, оның артынан АҚШ-тан Мэдисон Киз (3069) және ресейлік Мирра Андреева (2625) келеді.
Қазақстандық теннисшілер арасындағы ең үздік нәтиже көрсеткен Елена Рыбакина 1320 ұпаймен бір саты төмен түсіп, оныншы орынға тұрақтады. Еске сала кетейік, Рыбакина Штутгарттағы турнирге қатыспағандықтан, былтырғы чемпиондық атағын қорғай алмады.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA чемпиондық жарысында 541 ұпаймен 37-орында қалды.