Лев Черепанов ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Лев Черепанов ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстанның ашық суда жүзу командасының өкілі Лев Черепанов Гонконг қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды Sport +.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, қазақстандық спортшы 10 шақырымдық жүзуде үшінші орын алып, ел қоржынына қола медаль салған. 

Айта кетсек, Азия чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Турнирде еліміздің атынан 6 спортшы бақ сынап жатыр.