Константин Борцов Азиаданың күміс жүлдесі туралы: бұл медаль - маңызды жетістік. Отбасылық дәстүрді жалғастыруға мүмкіндік туды

Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының спортшысы Константин Борцов, 2025 жылғы Азия ойындарында спринтте күміс медаль жеңіп алды. Спортшының айтуынша, ол отбасылық тарихты жалғастырғанына қунышты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, 1996 жылы Харбинде өткен Азия ойындарында оның әкесі және жеке бапкері Владимир Борцов Қазақстанға алтын, күміс және қола медальді әкелген болатын.
«Әрине, мен қуаныштымын, себебі қола медаль емес, күміс медаль алдым. Алтынды қалайтын едім, бірақ екінші орынға да қуаныштымын. Маған сенген, қолдаған барлық адамдарға тағы бір рет алғыс айтамын.
Ең әсерлісі, менің әкем, менің негізгі жаттықтырушым, Харбиндегі Азия ойындарында медаль жеңіп алған. 30 жылдық цикл… Бұл медаль мен үшін маңызды оқиға. Отбасылық тарихты жалғастырдым. Бұл үшін қуаныштымын, мұнда болуға да қуаныштымын», — деп мәлімдеді Константин марапаттау рәсімінен кейін.