Классикалық бәйге маусымы басталды. Алғашқы жарыстың нәтижелері

2025 жылғы классикалық бәйге маусымының бірінші кезеңі 1 мамыр күні Алматы ипподромында өтті.
1000 метрге созылған қосжылқы жасындағы тайжарыс — «Көктем бәйгесінің» жеңімпазы Абдан есімді тұлпар болды (жокейі — Даурен Жүсіпов, иесі — Абылай Балтатай).
Үш жасар жылқылар арасында 1600 метрлік қашықтыққа ұйымдастырылған Талғат Бигелдинов атындағы бәйгені Бахруз атты тұлпар жеңіп алды (жокей — Олжас Әбдіхамит, иесі — Болат Қожамсейітов).
Үшінші жарыс — жарыс маусымының ашылу құрметіне арналған бәйгеде (3 жасқа дейінгі жылқылар арасында, 1800 метр) Вильберт есімді тұлпар топ жарды (жокей — Қайрат Доктурбаев, иесі — «Бейбарыс» шаруа қожалығы).
Шоқан Уәлиханов атындағы бәйгеде (4 жас және одан үлкен жылқылар арасында, 2000 метр) Орасан Зор атты тұлпар жеңіске жетті (жокей — Дидарбек Күришбек, иесі — Максат Ахаев).