«Каспий» сапын франциялық шабуылшымен толықтырды
Ақтаулық «Каспий» клубы 27 жастағы франциялық шабуылшы Кеба Силламен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеба Силла бұған дейін Францияның «Ним Олимпик» клубында өнер көрсеткен. Сонымен қатар әр жылдары «Тулон», «Бержерак» және «Вильфранш» командаларының намысын қорғаған.
Осы маусымда «Ним Олимпик» сапында француз шабуылшысы 15 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.