Франция құрамасының ойыншыларына алкоголь мен есірткі қолдануға тыйым салынды

Франция құрамасының ойыншыларына алкоголь мен есірткі қолдануға тыйым салынды

Францияның регби федерациясы ұлттық құрамаларға жаттығу жиындары кезінде және матчтардан кейін алкоголь мен есірткі қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды Sport+.

Бұл шешім ойыншылар арасындағы тәртіпті нығайту мақсатында қабылданды. Сонымен қатар, француз федерациясы спортшыларды тұрақты түрде есірткі мен алкогольге тексеріп отырады.

Бұған дейін Франция регби құрамасының ойыншыларына ауырлататын жағдайдағы сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған болатын.