logo

Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы еркін күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан басым түсті.



Күн шежіресі