Ербол Камалиев Азия чемпионатының «қола» жүлдесі үшін күреседі (видео)

Ербол Камалиев Азия чемпионатының «қола» жүлдесі үшін күреседі (видео)

Иорданияның Амман қаласында Азия чемпионаты аясында 55 келі дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен жұбаныш жартылай финалдық кездесу өтті, деп хабарлайды Sport+.  

Қазақстандық балуан Ербол Камалиев Сингапур өкілі Александер Куэвасты 5:3 есебімен жеңді.  

Қола медаль үшін өткен белдесуде Камалиевтің қарсыласы өзбекстандық Ихтиер Ботыров болмақ. Жүлделі кездесулер Астана уақыты бойынша 20:00–де басталады.  

Финалдық және жұбаныш белдесулері Sport+ Qazaqstan телеарнасында және sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.



Күн шежіресі