Елжан Алиасқар NAIZA 69 лигасындағы қарсыласы туралы: Менсінбеушілік деген жоқ, бірақ мен оны мүлдем білмеймін

Қазақстандық ММА жауынгері Елжан Алиасқар Sport+ Qazaqstan телеарнасының құрметті қонағы атанып, NAIZA лигасы аясында өтетін жарыста кезекті қарсыласы туралы пікір білдірді.
«Қарсыласым Үндістаннан. Менсінбеушілік деген жоқ, бірақ мен оны мүлдем білмеймін. Оның алдында қарсылас ретінде тәжікті берді, онымен шығамын деп келістім, бірақ ол бас тартты. Содан кейін өзбекті ұсынды. Онымен де шығамын деп келіскен едім, ол да бас тартты. Енді үндістандық қарсыласым келмей қалса болғаны, - деді Елжан.
DAR Team командасының өкілі Алиасқар 23 қарашада Алматыда өтетін NAIZA 69 турнирінде өнер көрсетеді.
Аталмыш турнирдің тікелей эфирін Sport+ Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.
Елжан Алиасқармен толық сұхбатты біздің YouTube-арнадан тамашалауға болады.