logo

Дастан Амангелді: Мераб Двалишвилимен спаррингтерде өзімді UFC-ге дайын сезіндім

Дастан Амангелді: Мераб Двалишвилимен спаррингтерде өзімді UFC-ге дайын сезіндім

Еуропалық OKTAGON лигасының жауынгері Дастан Амангелді Sport+ телеарнасының құрметті қонағы болып, UFC-ге өту мақсаты туралы айтты.

«Мен кореялық жауынгер Су Янг Юді жеңген кезде Naiza лигасының чемпионы атандым. Ол менен ұтылса да, өз елінде Road to UFC жарысына қатысып, онда топ жарып, ақырында UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Кейін UFC-де үш жекпе-жекте жеңіске жетіп, қазір рекорды 3-0. Мен сол уақытқа дейін-ақ UFC-ге дайын екенімді сезіп жүрдім.

Өткен жылы Әліби Ідіріспен бірге Лас-Вегасқа барған кезде UFC жауынгерлерімен жаттықтық. 61 келі салмақта Мераб Двалишвилимен (UFC-дің бұрынғы чемпионы — ред.) спаррингтер өткізіп және күрес кезінде өзімді еркін сезіндім. Әзірге жолымыз ол жаққа болмай тұр, бірақ UFC-ге бару — басты мақсатым», — деді Дастан Амангелді.

Дастан Амангелдімен толық сұхбатты біздің YouTube-арнамыздан көре аласыздар.



Күн шежіресі